Облыста жолда қалып қойған 15 шетелдік азамат құтқарылды
Оқиға бүгін түнде республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының 1214-шақырымында болған. Ресей Тәжікстан бағыты бойынша қатынап келе жатқан автобуста техникалық ақау пайда болған. Салдарынан көлік қозғалысын жалғастыра алмай, жолаушылар жолда қалған. Құтқарушылардың мәліметінше, эвакуацияланған жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Хабар түскен бойда оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жедел жеткен. Жедел жасақ жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлығын автобустан эвакуациялады. Көлікте барлығы 15 адам болған. Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары, арасында төрт бала бар. Жолаушылар Ырғыз ауданында орналасқан жылыту пунктіне жеткізілді. Шетел азаматтары уақытша жылы орынжайға орналастырылды.Количество показов: 11
Дата создания: 07.11.2026 07:46:13



















