Шаһарда азық-түлік бағасы шарықтап тұр
Азық-түлік әр адамның күнделікті қажеттілігі. Алайда соңғы уақытта дүкендерде баға шарықтап, тұрғындардың қалтасына салмақ салуда. Ақтөбеліктердің сөзінше, күнделікті тұтынатын қарапайым өнімдердің бағасы, күннен күнге қымбаттап барады. Әсіресе ет, көкөніс және басқа да тауарларға кететін шығын көбейген. Бүгінде қара халық сауда жасаудың тиімді жолын іздейді. Бірі ірі супермаркеттерді жағаласа, енді бірі әлеуметтік дүкендер мен базарларға барады. Шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға белгіленген. Мәселен, бірінші сұрыпты ұнның келісі шамамен 272 теңге болса, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бөлке нан 210 теңгеден сатылады. Ал жергілікті сүттің литрі 450 теңгеден басталады. Әлеуметтік дүкендерде мұндай өнімдер нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында ұсынылады. Ақтөбеліктер күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы қолжетімді болса деген ниетте. Жұртшылық бағаның күрт шарықтауы наразылық тудырады деп алаңдайды.Количество показов: 8
Дата создания: 12.11.2026 07:24:28




















