"Рика ТВ" телекомпаниясы үздік атанды
![]() |
Біздің телекомпания үздік атанды! "Гэллап медиа Азия" компаниясының биылғы жүргізген рейтингіне сәйкес, Ақтөбе шаһары тұрғындарының тең жартысы "Рика ТВ" телеарнасын қарайды. Екінші және үшінші орындарда КТК жәна "Хабар" арнасы тұр. Осылайша қаланың тәуелсіз телеарнасы өткен жылғы жетістігін сақтап қалды. "Рика ТВ" телекомпаниясын қала тұрғындары жиі қарайды. Бұған дәлел телеарна сайтына көрермендер үнемі өз қолтаңбаларын қалдырып отырады. Олардың рейтингі бойынша жаңалықтар мен бағдарламалар, фильмдер жиі қаралады. Телеарнада 100-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. 20 жылдан бері тікелей эфирге ақпараттық хабарлар, танымдық бағдарламалар қазақ және орыс тілдерінде шығып келеді. 2001 жылы ақпараттар қызметі аймақтағы ең үздігі атанып, ҚР журналистика академиясының "Алтын жұлдыз" белгісімен марапатталды. Мұндай атаққа "Просты мы" жаөспірімдер бағдарламасы да ие болды. Жеделділік, бағдарламалардың әртүрлілігі "Рика Тв" телекомпаниясына жергілікті БАҚ-ның арасында алғашқы орынға шығуға мүмкіндік берді. |
Количество показов: 2614
Дата создания: 29.12.2012 19:05:24