ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақтөбеде
![]() |
Өткен аптада елбасы өзінің зейнетақы жүйесіне қатысты пікірін жариялады. Президент зейнетақы реформасына қатысты өз сөзінде ұлттық банк пен үкіметті сынға алып, олардың алдына нақты тапсырмалар қойды. Осы міндеттерді халыққа жақынырақ түсіндіру мақсатында бүгін Ақтөбеге ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәджияқов келді. Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту қазіргі қоғамда талқыланып жатқан басты мәселе екені рас. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәджияқовтың айтуынша еліміздегі 100 пайыз зейнеткердің 72 пайызы нәзік жандылар. Олардың басым көпшілігі алдағы жиырма жылда зейнет жасына жетеді. Ал үкімет болса мұндай көп адамды зейнетақымен қамтамасыз етуге қауқарсыз. Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 9 зейнетақы жинақтаушы қоры жұмыс істеуде. Бұл қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 4 млн. адамды құраған. Алайда бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылған тұрғындардың 50 пайызы ғана. Бисенғали Тәджияқовтың айтуынша жұмыс берушілердің арасында міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтындар немесе жұмысшыларының нақты жалақы деңгейлерін жасыратындары жетерлік. Елімізде міндетті зейнетақы салымдары жүйесі 1998 жылы құрылған болатын. Сол кездерден бергі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтаушы қорларындағы салымдарының көлемі 3 трлн. теңгеден асқан. Сондай-ақ осы уақыт ішіндегі салымдарға қосылған инвестициялық табыс деңгейі 380 пайызды құраса, инфляция мөлшері 200 пайызға жеткен. Әсіресе инфляция 2005 жылдан бастап жоғары қарқынмен өскен. Ал бұл өз кезегінде азаматтардың зейнетақы жарналарына қосылатын кіріс көлемінің азаюына әкеліп отыр. |
Количество показов: 2645
Дата создания: 10.06.2013 19:01:53