"Парыз-2012" байқауының қатысушылары марапатталды
![]() |
Бүгін облыстық әкімдікте "Парыз-2012" республикалық байқауының қатысушылары марапатталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп жүрген бірнеше кәсіпкерге дипломдар мен облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Мәрия Сейітқамалова - Мұғалжар ауданындағы "Смағұл" шаруа қожалығының басшысы. Қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Есебінде 450 бас қой, 30 сиыр, 12 жылқы бар. Қарамағында 12 адам жұмыс жасайды. Мәрия Сейітқамалова бүгін екі рет құрметтелді. Оған еңбек және әлеуметтік қорғау министрі "Парыз-2012" байқауына қатысқаны үшін алғысын айтып диплом жіберген. Тағы бір марапат - облыс әкімінің алғыс хаты. "Парыз-2012" байқауы биыл төрт аталым бойынша өткізілді. "Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан үздік кәсіпорын" ретінде "Ақтөберентген", "Елім-ай-Ақтөбе", "Тенуса", "Ақтөбе қала жол құрылысы" және басқа мекемелер аталды. "Емшан", "Ақбұлақ", "Қазхром", "Анвар" секілді серіктестіктер мен компанияларда "Үздік ұжымдық келісім-шарт" жасалған. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова дипломаттарды марапаттай отырып, олардан халық алдында әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпауды өтінді. |
Количество показов: 2445
Дата создания: 28.12.2012 18:54:20