Отбасы күніне орай қалада 10-шы қыркүйек күні ашық есік күні өтеді
Қалада мұндай тегін қызмет көрсететін екі орталық бар. Анаға тағзым ғимаратының жанынан ашылған орталықта әсіресе әйелдер қауымына қолдау білдіру мақсатында оқыту курстары, шеберлік сабақтары жиі өткізіледі. Тұрақты қатысушылары жетерлік. Отбасын қолдау орталығына көп жағдайда нәзік жандылар психологиялық көмек алуға жүгініп жатады. Мұндай жағдайда заңгерлер тегін әрі тұрақты көмек көрсетуге әзір. Мұндай орталықтар қалаған жағдайда әйелдерге арнайы үйірмелерге қатыстырып қосымша білім алуға көмектеседі. Бизнес ашып, кәсіп бастауға дейін қолдау білдіреді. Биыл орталық мамандары 100 ден аса қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға көмек көрсеткен. Отбасылық медиаторлар ажырасу алдында тұрған жұптарға психолог мамандарымен бірлесіп бірнеше нәтижелі кездесу ұйымдастырған.Количество показов: 12
Дата создания: 05.09.2026 10:31:22



















