Қарғалы ауданында биыл әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша жұмыстар атқарылған
Қарғалы ауданы шаһарға іргелес орналасқан. Табиғаты тамаша аудан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша биыл жоғары өсімге қол жеткізіп отыр. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қарғалы ауданының әкімі есеп берді. 9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамығаны байқалады. Биыл 155 мың гектар жерге түрлі дақыл егілген. Нәтижесінде 159 мың тонна өнім жиналған. 588 бірлік жаңа жұмыс орны ашылыпты. Бүгінде Ақтөбе-Ор тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта елді мекендерді сумен жабдықтау, жолдардың сапасын жақсарту жоспарланған. Қазіргі таңда аудандағы 12 мектепте 2 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл білім беру ұйымдарын жөндеуге, базаларды жаңартуға қомақты қаражат бөлінген. Аудандық аурухананың қосымша ғимараты пайдалануға беріліп, диагностикалық кабинеттер медициналық жабдықтармен қамтылған. Аудан табиғатын тиімді пайдалану мақсатында соңғы екі жылда туризм саласы дамып келеді. Қасқыр сарқырамасы аумағында экотуризмді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Этноауыл, балық шаруашылығы және агротуризм бағытындағы бастамалар да қолға алынған. Ауданда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Демеушілердің қолдауымен 2 жарым мың түп ағаш отырғызылған. Болашақта бұл бастама дәстүрге айналмақ.Количество показов: 11
Дата создания: 23.10.2026 09:51:23



















