Арнайы техникалар паркі жаңа техникамен толықты
Ауыр жүк көліктері, автокрандар, шынжыртабанды экскаватор мен басқа да арнайы көліктер. Әрқайсысының атқаратын міндеті бөлек. Бірі құрылыс материалдарын тасымалдаса, енді бірі ауыр жүктерді көтеріп, арнайы жұмыстарды орындауға арналған. Гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылы құрылған. Бүгінде мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беріліп отыр. Бүгін кәсіпорынға 26 бірлік арнайы техника берілген. Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 355 миллион теңгеге 8 бірлік техника сатып алынған. Арнайы техникалардың көбеюі жұмыс көлемін арттырып қана қоймай, міндеттерді уақытылы орындауға септігін тигізеді. Әсіресе, аудан аумақтарындағы бөгеттердің жағдайын бақылау мен оларды күтіп ұстауда мұндай көліктердің маңызы зор. Мекемеде 53 қызметкер жұмыс жасайды. Алдағы уақытта техникаларды тиімді пайдалану мен мамандардың жұмысын үйлестіру маңызды міндеттердің бірі болмақ. Ендігі мақсат - арнайы машиналарды тиімді пайдаланып, аудан аумақтарындағы нысандарға сапалы әрі уақтылы қызмет көрсету.Количество показов: 10
Дата создания: 23.10.2026 09:53:20



















