«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауының қорытындысы шықты
Жарнамадағы әр сөз - мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі көрінісі. Бүгін қазақ тіліндегі жарнамалардың сауаттылығы мен сапасын арттыруға бағытталған "Жарнама тіл тазалығының көрінісі" облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, жарнама мәтіндерінде тіл нормаларын дұрыс қолдануды насихаттауды мақсат еткен.Ақпараттық кеңістікте жарнаманың орны ерекше. Көшедегі маңдайшадан бастап, сауда орындары мен қызмет көрсету нысандарындағы жазуларға дейін жарнама мәтіндерінің сауатты әрі мемлекеттік тіл нормаларына сай болуы маңызды. Осы бағытта ұйымдастырылған облыстық байқауға өңірдегі жарнама саласының өкілдері мен түрлі ұйымдар қатысты. Байқау барысында қазақ тіліндегі жарнамалардың сауаттылығы, мазмұны мен рәсімделу сапасына назар аударылды. Жиын барысында үздік жұмыстардың авторлары мен байқау жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар кәсіпкерлер мен жарнама жасаушылардың тілге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі оның күнделікті өмірде қаншалықты кең әрі сапалы қолданылуымен де айқындалады. Ал сауатты жарнама осы мәдениеттің бір көрінісі.
Количество показов: 33
Дата создания: 27.08.2026 09:07:17



















