"Орал-Ақтөбе" жолаушылар пойызы үш сағатқа кешігіп келді
![]() |
Жолаушылар жол азабын тартты. "Орал-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызы 3 сағаттан астам уақытқа кешігіп жетті. 614 Орал-Ақтөбе жолаушылар пойызы Орал станциясынан кеше Астана уақытымен 17.20-да шыққан. Ақтөбеге таңғы 06:36-да келуі тиіс болатын. Алайда, тура 3 сағат 34 минутқа кешігіп келді. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада пойыздың 7 сағатқа бөгелгені айтылғанымен, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Ақтөбе филиалының басшылығы мұны растамады. Олардың айтуынша, жолаушылар тарапынан шағым түспеген. Тиісінше көмек көрсетілген. Орал станциясынан шыққан пойызда 143 жолаушы болған. Пойыз 5 плацкарт, 2 купе, 1 жалпы және 1 почталық вагондардан тұрады. "Орал-Ақтөбе" бағытындағы пойыз күн сайын қатынайды. Пойыз бүгін Астана уақытымен кешкі 18.27-де жолға шығады. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта, Батыс Қазақстан облысындағы "Тақсай-Жайық" теміржол өткелінің 1341-ші шақырымында вагонның рельстен шығып кетуі себеп болғандығы айтылған. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қиыршық тас тиелген жүк вагоны "Қазтеміртранс" ЖШС-не тиесілі. Жүк вагоны Мұғалжар станциясынан шыққан. |
Количество показов: 3647
Дата создания: 22.01.2013 19:15:23