Қалада жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр
Қыс мезгілі басталысымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары маңызды. Осыған байланысты шаһарда жолдарды қысқы күтіп ұстауға, жауапты мердігер ұйымдардың дайындығы пысықталуда. Қала аумағындағы жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 18 учаскеге бөлінген. Олардың иелігінде 357 бірлік арнайы техника бар. Арнайы техникалардың ішінде автогрейдерлер, трактор, қар тазалайтын көлік, тиегіштер мен самосвалдар бар. Боранды күндері қаланың шеткері тұрғын алаптарында жол пайдалану пункттері орналастырылады. Дайындықты Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекция тобы тексерді. Тексеру жұмыстары "ATQ QYZMET" серіктестігінің өкілдерімен бірлесіп жүргізілді. Тексеру барысында техникалық жағдай, қар тазалау жұмыстары әзірлігі және көктайғаққа қарсы қолданылатын материалдардың қоры сұралды. Сондай-ақ қолайсыз ауа райында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті құрал-жабдықтардың дайындығына назар аударылды.Количество показов: 13
Дата создания: 07.11.2026 07:42:35



















