Облыста 25-тен астам аз қамтылған және көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді
Бүгін 25-тен астам аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Игі шара барысында балаларға арналған киім-кешектер таратылып, ата-аналар өз балаларына қажетті киімдерді таңдап алды. Бұл - жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. Облыстық қоғамдық кеңестің бастамасымен өткен қайырымдылық акциясына кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп, өз үлестерін қосқан. Шараға қаладағы мектептерден ата-аналар арнайы келді. Олардың барлығы көпбалалы жанұя өкілдері. Тұрар Жұмабаев төрт баланың әкесі. Қазір отбасы бесінші сәбиін күтіп отыр. Оның айтуынша, көпбалалы жанұяға көрсетілген кез келген көмек - үлкен қолдау. Бір балаға сыйланған киім - бір отбасыға көрсетілген қолдау екенін айтады ата-аналар. Ал осындай игі істердің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы қайырымдылықтың қоғамда жалғасын тауып келе жатқанын көрсетеді.Количество показов: 12
Дата создания: 05.09.2026 10:29:21



















