Облыс әкімі қаза тапқан шекарашылардың отбасына көңіл айтты
![]() |
Алматыда бүгін шекара қызметінің директоры полковник Тұрғанбек Стамбеков пен оның жұбайы Сәуле Стамбекованы ақтық сапарға шығарып салды. Тұрғанбек Стамбеков өмірінің отыз жылдан астамын мемлекеттік шекараны қорғауға арнады деді жерлеу рәсіміне қатысқан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев. Комитет басшысы оның және қаза тапқан басқа шекарашылардың отбасыларына қажет деген жағдайдың бәрі жасалатынын мәлімдеді. Ал өткен жексенбіде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұшақ апатында қаза тапқан ақтөбелік шекарашылардың отбасына барып, қайғыларына ортақтасып көңіл айтты. Сондай-ақ өңір басшысы мақұмдардың әрқайсысының жанұясына 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Естеріңізге салсақ әуе апатында шейіт болған 27 адамның 2-еуі жерлесіміз. Оның бірі - "Оңтүстік" өңірлік басқармасы шекара жасағының бастығы, подполковник Асуан Айтпанбетов болса, екіншісі Алға қаласының тумасы Анатолий Филипко. |
Количество показов: 2193
Дата создания: 03.01.2013 12:19:52