Мұғалжар ауданында 434 миллиард теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілген
Жыл басынан бері Мұғалжар ауданында 434 миллиард теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 102 пайыздан асады. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі басым. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 105 миллиард теңгеге жеткен. Соңғы үш жылда өсім біршама жоғарылаған. Сәйкесінше аудан тұрғындарының жалақысы көбейіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласында, тоғыз айда 27 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылмен салыстырғанда ет, сүт және жұмыртқа өндірісі жолға қойылған. Ауданда 1154 жаңа жұмыс орны ашылған. Тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Қандыағаш, Ембі және Жем қалаларында, сондай-ақ ауылдық округтерде жолдарды салу және қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Білім беру саласында аудан мектептерін жаңғырту, материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қарасты 38 мектеп, оқу жылын 12 686 оқушымен бастаған. Мәдениет және спорт бағытында да бірқатар жобалар қолға алынған. Ал денсаулық сақтау саласында аудан тұрғындарына медициналық қызметті екі аудандық аурухана мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсетеді.Количество показов: 12
Дата создания: 04.11.2026 08:46:32



















