Миыңыздың қызметін дұрыс басқарып жүрсіз бе?
Ми – адамның күрделі мүшесі. Миллиондаған электр желілерінен, аксондардан тұрады. Мидың мүмкіндігі шексіз. денеміздің әр мүше-бөлігі осы кішкентай органға тәуелді. Неврологтардың айтуынша, мидағы 8 миллиард нейрон бізге қозғалуға, оқуға, жазуға, ойлануымызға, барлық әрекетті жасауымызға жауапты. Миға да "азық" керек. Кітап оқу, шығармашылықпен айналысу арқылы санамызды бір ширатып алатынымыз анық. Өкініштісі, соңғы кездері кітапқа құмартатындар саны сиреп барады. Әсіресе жас буын. Саналы уақытын әлем желіге сарп етіп, миы деградацияға ұшырап жатқандар да аз емес, дейді ғалымдар. Бұл-қоғам үшін қауіпті.ДДҰ ның мәліметіне сүйенсек, бүгінде 1 миллион тұрғынның 2000-ға жуығының мидағы қан айналымы бұзылған. Ішімдік, темекіні айтпағанда, дұрыс тамақтанбау, ұйқының бұзылуы, стресс- ми қызметін істен шығарып мүгедектікке ұшыратуда. Статистика адам шошытарлықтай. Смартфон қазір байланыс құралы ғана емес. Адамның ажырамас құралы. Алыстағы ағайынмен хабар алысып, ақпарат алып, ойын-сауықпен уақыт өткізуге де смартфонды қолданатындар көп. Бұл замануи құрылғының зияны да шаш етектен. Мұны біле тұра, саналы түрде бас тартатындар некен-саяқ.Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұрын 60 жастан асқан ересектерде кездесетін ми сырқаты жасарып барады. Мамандар 2030 жылға қарай 15 миллион адам ми инсульті дертінен зардап шегеді, деп болжап отыр. Бұл - өте қауіпті. Сондықтан, қоғам болып алдын-алу шараларына көшуіміз керек,-деген пікірде. Алдымен ұйқыны дұрыстап, құнарлы тамақтану, спортпен шұғылдану маңызды. Ең бастысы-смартфонға тәуелділіктен арылған жөн. Нәтижесінде өміріңіз жақсарары сөзсіз.
Количество показов: 16
Дата создания: 23.07.2025 02:22:35