"Абай әндерін бірге шырқайық". Ақтөбеде караоке кеші өтті.
Бұл өлеңінде ақын уақыттың үздіксіз зымырап өтіп, заманның бірқалыпта тұрмайтынын, өзгеріп отыратынын жеткізеді. Шараға қатысқандардың талғамында шек жоқ. Бірі ұлы ақынның философиялық өлеңдерін таңдаса, енді бірі табиғат, жыл мезгілдері жайлы жазғанына ден қойыпты. Мәселен, Зере Қайырбай Абай Құнанбаевтың «Сенбе жүртқа, тұрса да қанша мақтап...» -атты өлеңін оқыды. Кішкентай Зеренің сүйікті ақыны да Абай. Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған — оның әжесі Зере. Жасынан ерекше болған жанның құрметіне есімін Зере қойғанын айтады. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан Абай онкүндігі аясында шаһарымызда бірқатар рухани-танымдық кештер өтупі жатыр. Бұл күнгі шаралар ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын насихаттап, жастардың рухани-мәдени дамуына серпін беруге арналған. Әлі де жалғасын табады. "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық айды" білмейтін қазақ кем де кем. Махаббатқа толы лирикалық әндер ашық аспан астында орындалды. Жалпы ұлы ақынның 17 әні караоке мен шырқалып, көпшілікті сүйсінтті. Ерекше атмосферадағы шара караоке үлгісінде ұйымдастырылған. Қатысушылар экраннан шығып тұрған өлең шумақтарын оқи отыра ән салды. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін жергілікті мәдениет ұйымы өкілдері арнайы жоспар құрған. Облыс көлемінде және бұқаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Хәкім Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, ағартушы. Оның өлеңдері мен қара сөздері – тек әдеби мұра ғана емес, терең философия, адамзаттық құндылықтар жайлы ой-толғау.Количество показов: 22
Дата создания: 05.08.2025 00:28:32