"Халва" демалыс базасынан шу шықты
Мына жиналған жиналған жұрт маңдай терімен тапқан айлықтарын ала алмай жүр. Қатарында ер де, әйел де бар. Сылақшы, бояушы, электр мамандары мен тазалықшылар бас көтерді. Олар "Халва" демалыс базасындағы бірнеше коттеджге жөндеу жұмыстарын жүргізген. "Ісімізді адал атқарсақ та алдымыз айға жуық уақыттан бері ақымызды ала алмай келеміз", деп налиды.Ал, Айман Сейітқалиева еңбегінің ақысын 1 айдан бері ала алмай жүр. Оған компания шамамен 700 мың теңге қарыз. Бала, немерелеріне уақыт бөлместен қызмет қылғанымен бүгінде жалақысын сұрап, демалыс базасының табалдырығын тоздырыпты. "Халва" демалыс базасы "Казхром" компаниясына тиесілі. Әлі демалушыларды қабылдап жатқан жоқ. Қазір бірнеше коттеджде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тендер арқылы ұтып алған "TOREM" серіктестігі жауапты. 20-дан астам жұмысшысы бар. Қазір олардың 50 пайызы тиісті ақыларын алып үлгерген. Мекеме бригадирі Дәурен Мылтықбаевтың сөзінше, жұмысшылар жұмыстарын дұрыс атқармапты. Жалақыларының кешігуіне жасаған жұмыстарының комиссия қабылдауынан өтпеуі себеп. Комиссия мүшелері екі рет қате тауып, қабылдаудан бас тартқан.
"Айналдырған 5-6 адамның еңбек ақысын жауаптылар бүгін кешке дейін табыстаймыз" деп бізге де уәде берді. Оларға компания жұмыс сапасы көңілдерінен шықса, шамамен 2 млн. теңгеден астам қаржы төлейді. Адал еңбек ақталуы тиіс. Әсіресе, балаларын үйлеріне қамап, нәпақа табатын аналардың ақысы ешкімнің мойынында кетпеуі керек. Дегенмен, кез келген жұмысқа кіріспес бұрын беретін ақының сөзбен емес, қағаз жүзінде нақтыланғаны жөн.
Количество показов: 29
Дата создания: 05.08.2025 00:22:52