Бүгін - елімізде спорт күні
Бүгін - Қазақстандағы спорт күні. Бұл күн салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылар мен бапкерлерді құрметтеуге бағытталған. Осыған орай, "Достық" су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ашық есік күні өтті. Су спортына қызығатын балалар мен ата-аналарға мектеп тәрибеленушілері, жаттықтырушылар шеберлік сағатын өткізді. Келушілерге өнерлерін көрсеткендер арасында мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Спорт мектебінде қазір 900 бала мен жасөспірім жаттығады. Спорттық жүзу, су волейболы, спорттық жаттығуларға қатысады. Бүгін келушілер мектеп өмірі мен спортшылардың жетістіктері бейнеленген роликтерді тамашалады. Келушілер фото көрмемен танысты.
Достық спорт мектебіне тәрбиеленушілер әр жылдың маусым айында қабылданады. Алдымен тіркеліп, кейін бір ай бойы жаттықтырушылар кәсіби таңдау жасайды. Оқу тегін. Бапкерлер баланы икемі мен қабілетіне қарай таңдайды. Ал, ақтөбеліктердің сөзінше, су спорты өзге спорт түрлеріне қарағанда үздігі. Спорт мектебіндегі хауыз 50 метр. Мұнда жүзумен кәсіби түрде айналысқан түлектер қазір аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстарда үздік атанып жүр.
Количество показов: 27
Дата создания: 15.08.2025 08:15:03