Әлемге әйгілі жаттықтырушы Йорик Майклс Ақтөбеде
Дені сау ұрпақ - қоғамның қуаты. Жастардың спортты серік етіп, айналасына үлгі боларлықтай жетістікке жетуі ел мақтанышы. Жастайынан дене тәрбиесіне көп көңіл бөліп өскен бала түбі бір белесті бағындырады. Жас спортшыларды шыңдау мақсатында шаһарда алғаш рет NBA және WNBA жұлдыздарымен жұмыс істейтін әлемге әйгілі жаттықтырушы Йорик Майклс баскетболдан бірегей шеберлік сабағын бастады. Жаттықтырушы бүгін ойын алаңынан амбициялы, бәсекелеске дайын, көздері жанып тұрған, спорт сүйер балаларды көрдім,-дейді. Шеберлік сағатқа қатысып жатқан жас спортшылар да мұндай тәжірибе болашақта бізге керек болады. Ойынымызды шыңдап, түрлі ойын тәсілдеріне үйренеміз дейді. Шеберлік сағатқа қатысушылардың бірі - Мерейлім Аңсар. Ол 11-жасынан бастап баскетболмен айналысып, түрлі жарыстардан жүлделі орындар да алып үлгерген. Жаттықтырушы Йорик Майклстың Қазақстанға 3-ші, ал Ақтөбеге бірінші келуі. Ол шара аясында ойыншылардың жеке шеберліктерін жетілдіруге арналған техникалық жаттығулар, жаңа әдістемелер мен заманауи бағдарламаларды үйретеді. Сонымен қатар шара аясында жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған білім беру сессиялары, бірлескен ойын жаттығулары мен тәжірибелік сабақтар қарастырылған.Количество показов: 14
Дата создания: 13.09.2025 09:55:30