Абайлаңыз, алаяқ!
Талайды сан соқтырып, тақырға отырғызғандарды анықтау жұмыстары үзбей жүргізілуде. Алайда, нәтиже көңіл көншітпейді. Себебі-өзге құрлықта отырып, айласын асыратындар көбейген. Алаяқтың арбауына түсіп, миллиондаған қаржысынан қағылғандар қолын кеш сермейді. Мұндайда, дереу банкке хабарласып, операцияны тоқтату керек немесе полицияға қоңырау шалыңыз. Алаяқтардың айласы көп. Бірі банк атын жамылып, бірі ұтыс ұттың деп хабарласады. Бірі-коммуналдық қызметтенбіз, есептегіш құралыңыңзды тексереміз деуі мүмкін. Тіпті емханадан хабарласып, скрининг өтуге шақыратындар да шыққан. Олар әуелі смс код сұрайды. Мұндайда, жеке мәліметтерді ұсынуға асықпаңыз.Алаяқтардың тұзағына түсіп, қолда барынан айырылғандардың қатары азаяр емес. Өкініштісі болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана полицияға жүгінеді көбі. Мұндай жағдайда ақшаны қайтару қиын, дейді тәртіп сақшылары. Әйтсе де, киберполдықтар биылдың өзінде жәбірленушілердің 20 млн теңгесін қайтарған. Айтудың кемі жоқ. БАҚ , қоғамдық орындар арқылы үндеу жасап, видеороликтер көрсетіліп жатыр, қоғамдық көлік пен әлеуметтік желіні де пайдаланудамыз, дейді жедел уәкіл. Әйтсе де, тұрғындар сенгіштігін қояр емес. Мамандар алаяқтар әлеуметтік желіні ұтымды пайдаланып отырғанын айтты. Ғаламтордың берер мүмкіндігін арам пиғылдағы іс-әрекетін жүзеге асыру үшін пайдаланып жүрген әккілердің әдіс-тәсілі күн сайын өзгеріп, жаңарып отыратынын тілге тиек етті. Биыл облыс бойынша 21 алаяқ ұсталды. Олардың ісі сотта қаралып жатыр. Онына сот үкімі шақты. Киберқылмыстан қорғану үшін аймақта профилактикалық шаралар күшейтілмек.Количество показов: 19
Дата создания: 02.08.2025 22:52:18