Қала мектептеріне 200 мұғалім керек
Бүгін жұмыс іздеп, мұғалім болуға ниеттеніп келушілердің қарасы көп болды. Келушілердің көбі дерлік жас маман. Қалалық білім бөлімінің басшысы 344 педагогке арналған бос орын бар екенін айтты. Оның ішінде 243 – мектеп мұғалімі, 60 – балабақша тәрбиешісі, 41 – қосымша білім беру педагогіне бос орын бар. Сондай-ақ, педагог лауазымдарына ұлттық білім беру деректер қоры жүйесі арқылы конкурс негізінде қабылданды. Білім беру саласы жас мамандар үшін тың мүмкіндіктерге толы. Десе де, жоғары оқу орнын бітіре сала диопломын құшақтап келгендер де табылды. Қазірде қоғамда қолында дипломы бола тұра жұмыссыз жүрген жастар көп. Иә, жастардың аты аталған жерде жұмыссыздықтың қоса айтылатыны рас. Екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандардың бірі-Әйгерім Әбдіраймова. Биыл ғана университет бітірген ол физика пәнінің мұғалімі. Мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүргеніне 1 айдан асыпты. Құжаттарын онлайн да, оффлайн да әр жерге тапсырып үлгеріпті. Алайда жауап болмаған. Бүгін ол жәрмеңкеде бағын сынап көрмек.Бос жұмыс жәрмеңкесінің залына 13-тен астам білім беру мекемесі келді. Барлығында дерлік 7 ден көп бос орын бар. Жұмыс берушілер жас мамандармен тікелей тілдесіп, келіссөз жүргізді. Білім ордалары жас мамандарға есігіміз айқара ашық, дейді. Түске дейін 250-ден астам жас маман қатысып, 60-тан астам түлек ұлттық білім беру деректер қорына тіркеліп үлгерген. Айта кеткен жөн, жоғары оқу орынын үздік аяқтағандарға мүмкіндік көп. Мемлекеттік білім беру және жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша жас маман GPA 3,33 баллдан төмен емес, қызыл дипломмен бітіргендер және сертификаттаудан өткен түлектер конкурсқа қатыспай-ақ жұмысқа орналаса алады.
Количество показов: 23
Дата создания: 31.07.2025 09:49:03