«Гүлдер әлемі - 2025» қалалық гүлдер фестивалі өтті
Қаланың орталық бульвары бір күнге нағыз оранжереяға айналды. Гүлдер фестиваліне қалалық кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, мектептер, балабақшалар, колледждер қатысты. Байқау сегіз номинация бойынша өтті. Жүлде ретінде ақшалай сертификаттар табыс етілді. Мерекеде ақтөбеліктердің гүлге қатысты мол идеялары мен таланты айқын көрінді. Гүлдер фестивалімен қатар 2025 жылдың 1 сәуірінен 30 тамызына дейін өткен «Менің Ақтөбем» қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасы көпқабатты және жеке үйлердің ең үздік аулаларын, сондай-ақ ең күтіп-бапталған, жасыл аумаққа ие кәсіпорынды таңдады. Байқаудың мақсаты – мүмкіндігінше көп тұрғындарды аумақтарды абаттандыру мен қаланы көгалдандыруға тарту. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар берілді.Количество показов: 14
Дата создания: 16.09.2025 07:59:03