Аналар кеңесі отбасы құндылығын дәріптеді
Әлемде әрбір ұлттың қастер тұтатын асыл мұрасы болады. Ол мұраның жылдар бойы құндылығын жоймай бүгінге жетуінің өзі дәстүрді ұрпақ ұмытпайтынының белгісі. "Әр отбасы құндылығын білсе, түсінсе, ажырасу да, ренжісу де аз болады,- дейді ұйымдастырушылар. Шаһарда "Отбасы - бақыт мекені" атты атты іс-шара өтті. Отбасы апталығына орай ұйымдастырылған. Аналар кеңесі мұрындық боп отыр. Отбасы институтының маңызын арттыру, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтау, оларды өскелең ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану - басты мақсат. Сондай-ақ аналардың қоғамдық белсенділігін көтеру, отансүйгіштік пен адамгершілік тәрбиені насихаттау да қазір үлкен маңызға ие. Мұндай іс-шаралар қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің, жас ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеудің басты тетігіне айналады, дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге», «Адал азамат тәрбиелеген отбасы» номинациялары бойынша ерекшеленген отбасылар мен аналар шара аясында марапатталады.Количество показов: 55
Дата создания: 13.09.2025 09:52:31



















