Маусымдық көкөніс өнімдері арнайы қоймаларда сақталады
"Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мекемесіне қарасты мына қойма қаладағы ең ірі көкөніс сақталатын орын. Пригородный кенті көкөніс қоймасы деп аталады. Мұнда "Тұражол" шаруа қожалығы мен "Болат ЛТД" серіктестігінің өнімдері сақталады. Қоймада күнделікті тұтынуға қажетті көкөністер картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдердің көп бөілігі сақталады. Өнімдерді арнайы қоймаларда сақтау, олардың маусымаралық кезеңде саудаға шығарылуына мүмкіндік береді. Осылайша, көкөністерді жинау маусымынан кейін нарыққа жеткізу көзделген. Жалпы, аталған қоймаларда сақталған өнімдер маусымаралық кезеңде сатылымға ұсынылады. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы бағытта жұмыс істейді. Қарғалы ауданына қарасты Петропавловка ауылындағы "Арман" шаруа қожалығының қоймасы екінші ірі көкөніс қабылдаушы орталық саналады. Қоймада күнделікті ас-суға қажетті көкөністер жинақталады, сұрыпталады. Қыста өнімді үсіктен сақтау үшін қоймада қажетті температура үнемі бақыланып отырылады.Количество показов: 11
Дата создания: 31.10.2026 08:10:52



















