Өңірдің дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды
Орта және шағын бизнес өкілдері, кәсіпкерлердің кәсіби мерекесі. Айтулы датаға орай қалада кәсіпкерлер күніне орай ұйымдастырылған форум өтті. Оған бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен сарапшылар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу, саланың өзекті мәселелерін талқылау. "Бір ауыл - бір өнім" жобасы арқылы жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырды. Облыста биыл алғаш рет "Адал кәсіпкер" акциясы ұйымдастырылып отыр. Жобаға қатысуға өңір кәсіпкерлерінен 130 өтінім түскен. Жеңімпаздар адал салық төлеу, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жауапкершілік және бизнестің ашықтығы секілді бағыттарды қамтитын жеті номинация бойынша анықталған. Бастама кәсіпкерлік ортада заң талаптарын сақтау мен жауапты бизнес жүргізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Форум соңында өңір кәсіпкерлеріне облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан кәсіби жетістіктері мен кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар бизнес өкілдері марапатталды.Количество показов: 10
Дата создания: 30.10.2026 08:25:24



















