Мүгедек жандарға арналған жаңа жылдық карнавал өтті
![]() |
Бүгін Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған жаңа жылдық карнавал өтті. Оған қалада тұрып жатқан 80-ге жуық жарымжан жан қатысты. Түрлі-түсті киім киіп сәнденген мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл кеште ән айтып, би биледі. "Жақынның жан жылуы" ұранымен өткен биылғы жаңа жылдық қайырымдылық кешінде 27 жылдан бері 1-ші топтағы мүгедек азамат Орынтай Базарбаевқа 150 теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жарымжан азаматтың қазір екі бүйрегі істен шыққандықтан аурухана төсегіне таңылған. Оны қазір келіні Сандуғаш Ахметова қарап отыр. Келінінің айтуынша, Орынтай Базарбаевқа ота Астана қаласында жасалады. Операцияға 5 мың АҚШ доллары қажет. Ұлан Сырғабаевтың жасы 37де. Грек-рим күресімен шұғылданатын спортшы осыдан 4 жарым жыл бұрын биік қақпадан секірем деп жұлынына зақым келтірген. Отбасылы, екі баласы бар. Жұбайы өзіне қарап отырғандықтан жұмыс істемейді. Аптасына 3 рет спортпен айналысады, жаттығу үйірмелеріне қатысып отырады. Арбамен жүріп тұратын Ұлан Сырғабаев бір сәт болса да көңілді кештерден қалыс қалғысы келмейді. Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы 2000 жылдан бері мүгедек жандарға арналған жаңа жылдық қайырымдылық карнавалын өткізеді. Бүгінгі жаңа жылдық кеште 80ге жуық мүгедекке жылы көрпе мен тәттілер үлестірілді. Облыстық филармонияның әртістері концерттік бағдарлама әзірледі. Мерекеге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қалалық такси қызметтері тегін тасымалдады. |
Количество показов: 2763
Дата создания: 14.01.2013 12:57:45