Биыл ит қапқан ақтөбеліктер саны артып отыр
Облыстың санитарлық эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Дегенмен биылдыққа 21 инфекция түрі бойынша өсім байқалады. Әдеттегідей жұқпалы аурулар, ірі қара мал өнімдерінен таралатын сырқаттар саны азаймай отыр. Өсім қала мен облыстың шалғай аудандарын қамтиды. Мамандарды жануарлардан зардап шеккен тұрғындар санының 8 пайызға артуы алаңдатады. Санитар дәрігерлер есепке алынған әрбір тұрғынмен жіті жұмыс жүргізген. Жануардың тырнағы батқан жандар кешенді ем-домын үзіліссіз қабылдаған. Дәрісін уақытылы ішіп, үш мәрте екпе қабылдаған. Бүгінгі брифингте құтыру адам өміріне аса қауіпті инфекция екені айтылды. Эпидемиологиялық маусымда облыста 13 мың 765 жіті респираторлы жұқпа тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе аз. Ал тұмауға қарсы жүргізілген 427 зертханалық тексерудің нәтижесінде вирус анықталмаған. Қазір медициналық мекемелер мен білім беру ұйымдарында инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары жүргізіліп жатыр. 1-ші қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне бетперде тағу міндеттелген. Тұмауға қарсы екпе алып, күнделікті қолды жиі жуып, бөлмелерді желдетіп отыруды әдетке айналдырған жөн. Ақ халатты дәрігерлер аурудың алдын алудың негізгі жолы уақытылы вакцина салдыру екенін ескертеді.Количество показов: 12
Дата создания: 04.11.2026 08:44:58



















