Коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
![]() |
Ал әлемді жайлаған коронавирус індетіне қарсы Қазақстан қауіпсіздік шараларын күшейтті. Барлық әуежайлар мен кедендік тексеру бекеттерінде арнайы құрылғылар қойылған. Бұл қондырғылар адамның дене қызуын өлшеп, науқасты дер кезінде анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ Таяу шығыс елдерінен келген қонақтарды дәрігерлер бірден бақылауға алуда. Жер бетінде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күн санап өсіп келеді. Қазір осы қатерлі дертке әлемде 50 адам шалдыққан. Оның 30-ы көз жұмған. Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. |
Количество показов: 2256
Дата создания: 05.06.2013 19:12:35