Көпір құрылысына байланысты Некрасов көшесі жабылады
![]() |
Ақтөбеде салынып жатқан көпір құрылысына байланысты осы айдың 17 мен 27 аралығында қаламыздың бірқатар көшелері жабылады. Сондай-ақ осы күндері қоғамдық көлік қозғалысының бағыттарына да бірқатар өзгерістер енгізілмек. Көпір құрылысы жүріп жатқан Некрасов көшесімен 9 қоғамдық көлік қатынайды. Енді бұл бағыттардың барлығы аталған күндері Асау-Барақ көшесіне ауыстырылатын болады. Болашақта Ақтөбенің ескі бөлігі мен 11 мөлтек ауданын қосуы тиіс көпір құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Ұзындығы 460 метрден астам көпір бір мезгілде 20 мың көлікті өткізуге қауқарлы Ақтөбедегі ең үлкен нысанға айналмақ. Құны 4 млрд теңгені құрайтын жобаны үстіміздегі жылы іске қосу көзделуде. Қазірдің өзінде көпір 30 пайызға дайын. |
Количество показов: 2266
Дата создания: 15.01.2013 12:35:07