"Күлшеқыз" ертегісінің премьерасы өтеді
Әлемге әйгілі "Күлшеқыз" ертегісі енді Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында сахналанады. Чарльз Перроның кейіпкерлеріне негізделген "Күлшеқыз" қойылымы отбасылық спектакль ретінде әзірленген. Қоюшы режиссер Максим Винс. Театр әртістері дайындықтың жоғары деңгейде өткенін, көрерменнің жүрегінен орын табатын әсерлі қойылым болатынына сенімді. Ертегі желісі көрерменге қандай жағдайда да махаббатты ұмытпай, өз арманына сенуді және үміт үзбеуді жеткізгісі келеді. Әртістер қойылым желісімен біраз еңбектенген. Жаңа рөлдерге еніп, бет әлпетті келтіру уақыт алыпты. Театр ұжымы көрермендерді жаңа қойылымның премьерасына шақырады. Спектакльдің сахналық безендірілуі мен кейіпкерлердің бейнесіне де ерекше көңіл бөлінген. Қойылымға қажетті бетперде мен түрлі ұсақ аксессуарлардың бірқатары театрдың өз шеберханасында қолмен жасалған. Бұл сахнадағы әрбір бөлшектің қойылымның жалпы көркемдік шешімімен үйлесуіне мүмкіндік беріп отыр. "Күлшеқыз" спектаклінің премьерасы 30 қазанда өтеді. Қойылымды көрермендер 3-4 қараша күндері де тамашалай алады. Спектакль көреремендерге орыс тілінде ұсынылады.Количество показов: 18
Дата создания: 29.10.2026 07:15:52



















