Қарттарға құрмет көрсету - жанашыр ұрпақ тәрбиелейтін ізгі қасиет
Акцияға мұрындық болған жастар бірі аула тазалады, енді бірі қоқыс жинады. Өнерге құмар қыз-жігіт ән айтып, өлең оқыды. Қаладағы №68 орта мектептің оқушылары қарттар үйіне барып, қарияларға қамқорлық көрсетті. «Қамқор» жобасы аясындағы игі шараның мақсаты - үлкендерге көңіл бөліп, қолдау көрсету және жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелеу. "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында ғимарат аумағы ретке келтірілді. Жастар әп-сәтте үлкен аумақты жинап шықты. Қоқысқа дейін тазалап, сыртқа шығарды. Еңбектенген жастар қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды ұмытпады. Әуелете ән салып, ақын-жаузышылардың қара сөздерін жатқа оқыды. Қуантарлығы жас ұрпақтың бойынан үлкенге деген құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттері есіп тұр. Тазалық жұмыстарына қатысқан оқушылар дән-риза. Олар үнемі болашақ тұрғын алабындағы көпқабатты үйлердің маңын, мектеп ауласын тазалап тұрады екен. Сенбілікке аталған мектептің барлық оқушылары түгелдей қатысады. Қарттар үйінің тұрғындары өз кезектерінде бүгін қонаққа келген барлық жастарға алғыстарын білдірді. Қамкөңіл қариялар жас буынмен араласып бір жасап қалғандай болды. Кейбірі табиғат аясында еңбек еткен жастарға қарап немере- шөберелерін еске алды.Количество показов: 17
Дата создания: 29.10.2026 07:14:06



















