Қаз қанатындағы ғұмыр
Поэзия - жүрекке жол тауып, ойдағыны ұйқаспен көркем жеткізетін өнер. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Қаз қанатындағы ғұмыр» атты онлайн кездесу кеші осыған дәлел. Шара ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызының 60 жылдық мерейтойына арналды. Ақын Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанған. Бүгінгі кездесуге ол онлайн түрде қатысып, кітапхана қызметкерлерімен, оқырмандармен байланыс орнатты. Кездесудің негізгі мақсаты - ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру. Сондай-ақ кездесуге философ, зерттеуші Есентүгел Әзи мерейтой иесі туралы естеліктерімен бөлісіп, шығармашылығына тоқталды. Есентүгел Әзи ақынның ғылыми зерттеулерін бүге-шүгесіне дейін зерделеп жүр. Жанат Әскербекқызының еңбегін ерекше бағалайды. Әдеби кеш барысында «Үркер» шығармашылық орталығының мүшелері Жанат Әскербекқызының өлеңдерін оқыды. Ал кітапхана қызметкерлері «Қыш тақтадағы сына жазу» кітабына арналған көрмеге библиографиялық шолу жасады. Әдеби кеш ақын шығармашылығын кеңінен танытып қана қоймай, оқырман мен қаламгер арасындағы рухани байланысты нығайтуға серпін берді.Количество показов: 16
Дата создания: 28.10.2026 09:15:20



















