Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
Халық игілігіне арналған жаңа бастамалар. Келесі жылдан бастар ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз жолдауында жариялады. Ел басшысының тапсырмасына сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде еңбек ететін 77 мыңнан астам маманның жалақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ал 2027 жыл елімізде жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы болуы мүмкін. Маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылым саласын дамытуға да басымдық берілді. Президенттің хабарлауынша, 2029 жылдың соңына дейін «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу көзделген. Жолдауда алғашқы кезекте өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынатыны айтылды. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек станциялары мен балаларға арналған оңалту орталықтары бар. Олардың арасында өңірдің атауы да аталды. "Елімізде жалпы 7 миллионға жуық бала бар. Ол дегеніміз халықтың 34 пайызын құрайды. Жылына 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді", - деп атап өтті президент. Инфрақұрылым барысында тағы да 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысын бастау көзделген. Елді мекендерге газ бен таза ауыз су тарту, жолдар мен басқа да инфрақұрылым нысандарын салу мәселесі де назардан тыс қалмады. Президент цифрлық экономиканы дамыту және әлеуметтік саясатты жетілдіру міндеттеріне де тоқталды. Мемлекеттік көмек шын мұқтаж азаматтарға берілуге тиіс екенін атап өтіп, реформаларды мұқият саралап, кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажеттігін айтты.Количество показов: 20
Дата создания: 29.10.2026 07:11:22



















