Өңір экономикасын дамытуда инвестицияның маңызы зор
Инвестиция тарту — өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы әкімдердің басты міндеттерінің қатарында осы мәселені атап өткен. Ал қалада индустриялық аймақ арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр. Соңғы екі жарым жылда Ақтөбе индустриялық аймағына жалпы сомасы 130 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жоспарланған 27 жобаның 21-і іске асырылды. Қалған жобалар толық аяқталса, шамамен 1500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Индустриялық аймаққа инвестиция тарту үшін кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, жер учаскесі бөлініп, қажетті инженерлік желілерге қол жеткізуге мүмкіндік беріледі. Индустриялық аймақтағы жобалардың жүзеге асуы өңірдің өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Ал жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және Ақтөбе экономикасының дамуына ықпал етпек.Количество показов: 17
Дата создания: 28.10.2026 09:12:07



















