Емдеу мекемелерінен толып жатқан заңсыздықтар анықталды
![]() |
Былтыр облыс прокуратурасы медициналық мекемелерде 62 тексеру жүргізген. 132 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2 миллионға жуық айыппұл салынды. Аудан, ауыл емханалары мен ауруханаларында мамандардың жетіспеушілігінен миллиондаған теңгеге сатып алынған медициналық жабдықтар пайдаланусыз бос тұр. Ал дәрі-дәрмектер діттеген жеріне жарты жылға дейін кешігіп жетеді. Жедел жәрдем көліктеріндегі қобдишалардың ішінен пайдалану мерзімі өтіп кеткен препараттар анықталған. Сондай-ақ науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер ақшаға сатылған. Жасөспірімдермен жұмыс та өзекті мәселелердің бірі. Былтыр өңірде "Жасөспірім және Заң" бағдарламасы дайындалды. Оған өткен жылдың басында жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыстың күрт өсіп кетуі себеп болды. Әлеуметтік салада "Мүгедектерге қамқорлық етуде прокуратураның мүмкіндігі" бағдарламасы жүзеге асқаны белгілі. Оның шеңберінде екі мың жарымжанның құқы қорғалған. Оларға 10 миллион теңге қаражат өндірілді. 12 адам екі қолға бір күрек тапты. Мүгедектер қоғамының 8 мүшесі прокуратурагың араласуымен баспанаға қол жеткізді. |
Количество показов: 2273
Дата создания: 15.01.2013 12:31:29