Екі қария қарттар үйінен қашып жүр
![]() |
Бүгін таңғы алтылар шамасында қарттар үйінен қашып шыққан екі қария біздің редакциямызға келіп шағымданды. Медбикелерден зәбір көрдік, енді қайтып оралмаймыз, барар жеріміз, басар тауымыз жоқ - деп зар жылады зейнеткерлер. Николай Гончаров қарттар үйіне осыдан үш жыл бұрын қоныс тепкен. Мария Миняевамен көңілдері жарасып, бірге тұруға қарттар үйі басшылығынан рұқсат сұраған. Қос жанарынан айрылған кейуана онсыз да үкіметтің қамқорлығында. Алайда қарттардың көңіліне қараса керек, интернат басшылығы дегендеріне көніпті. Мүсәпір жандай көрінген 74 жастағы Николай Гончаровтың 25 жыл өмірін түрмеде өткеріп, енді абақтының тәртібін қарттар үйіне орнатпақ болғандығын жайып салды медбикелер. Ал мұндағы қызметкерлердің айтуынша, Мария Миняева оның оңай олжасына айналған. Николай Гончаров кейуананың қамқоршысы боламын деп алдап соғып, қалған өмірінде қосымша зейнетақысын пайдаланбақ. Кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп шыққан қарияның өткен өміріне қызметшілердің барлығы үрке қарайды. Айдың отыз күнінде қызметшілер мен медбикелердің иманын ұшыратын қария қарттар үйіне қайта оралса не болмақ? Ал бұрынғы тұтқынның жетегінде кеткен зағип жанның күні ше? Мемлекеттік мекеме ішіндегі бүлікке мұндағылардың еті үйреніп болған. |
Количество показов: 2512
Дата создания: 21.01.2013 19:15:18