Болашақ дизайнерлердің көрмесі ашылды
![]() |
"Өрісті елдің өнері". Бүгін облыстық көркемсурет және сәндік қолданбалы өнер музейінде ұйымдастырылған көрме осылай аталады. Оған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледжде білім алып жүрген болашақ дизайнерлер қатысты. Дизайнер мамандығын аталған оқу орнында 70- ке жуық оқушы меңгеруде. Олар осы кәсіптің көпсалалы екендігін біледі. Сән түзеп, қалаған киімін тігіп киюіне де болады, көңілі ауған затты қолдан жасап та шығара алады. Ең бастысы шығармашылық иелеріне шектеу қоймаймыз дейді оқытушылар. Олардың кәсіби деңгейде тәжірибе алуына да қолайлы жағдай жасалыпты. Бүгін көрмеге алпыс жеті еңбек ұсынылды. Қолданбалы өнер түрлері, витраж, гобелен, квиллинг, батик, тері илеу техникалары жинақталған. Ұйымдастырушылардың пікірінше, көрме студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. |
Количество показов: 2923
Дата создания: 22.01.2013 19:14:11