Аяз ата жалғызбасты аналар Инна Бондарь мен Анна Венктің отбасына барды
![]() |
Жыртық үйдің Құдайы бар. Жылдың басында жалғыз басты аналар Инна Бондарь мен Анна Венктің қиын тағдыры туралы айтқан болатынбыз. Бес баласымен саяжай паналап жүрген Инна мен екі баласына зәбірлеген педофил күйеуінен теперіш көрген Аннаға аяушылық білдіріп, көмек қолын созған қала тұрғындары да болды. Иннаның үйінде мерекелік көңіл-күй анық сезіледі. Айтуынша, балалардың ақ сақалды Аяз атаны көріп тұрғандары-алғаш рет. Саяжайдағы төрт шаршы метрлік тар бөлмені безендіріп, шырша да қойыпты. Бұрын мұндай шыршамыз болмаған, деді сөз арасында Инна. Отыз жастағы келіншек жағдайының түзелгеніне шүкір дейді. Үлкені Михаил мен Каринасы-қазір ауруханада емделіп жатыр екен. Бес жастағы Вова мен 4 жасар Андрей, кенжесі Дарья Аяз ата келеді деп дайындалыпты. Бұл- алты жастағы Регина. Анасы Аннаның жұбанышы. Жалғызбасты келіншек те саяжайды паналап отыр. Бірінші күйеуінен туған баласы мен қызын зорламақшы болған азаматтық некедегі жолдасы - жау болып шықты. Зәбір көрсетіп, балаларды зорламақшы болған педофил тиісті жазасын алды. 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан кейін ғана Венктердің жағдайы жақсара бастаған еді. Екі жасар Алексейдің жағдайы алаңдатып отыр. Тумысынан сал ауруына шалдыққан бала қазір өлім аузында жатыр. Жаңа жылды ересектер ғана емес, балалардың да асыға күтетіні белгілі. Осыны ескерген біздің түсіру тобы балаларға тәтті сыйлықтар үлестіруші Аяз атаны да ерте барды. Ақ сақалды атаның рөлін сомдаған Владимир Дубқа балалар өз тілектерін айтып жатты. |
Количество показов: 2374
Дата создания: 29.12.2012 19:06:24