Ауылшаруашылық мамандарында келешегі бар
![]() |
Еңбек нарығында кәсіби мамандарға деген сұраныс жоғары. Облыстық білім басқармасы, ауылшаруашылық колледжі және әлеуметтік серіктестіктер арасындағы өзара ынтамақтастық Меморандумы осы мәселені шешуге жасалған алғашқы қадам. Бүгін аудандардағы мал шаруашылығымен айналысатын төрт серіктестік Меморандумға қол қойды. Әлемде оқытудың дуальді жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Бұл жаңашылдық Ақтөбеде енді ғана қолға алынбақ. Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сияқты дамыған елдерде дуальді оқыту жүйесінің арқасында табысты кәсіп жалғасуда. Әсіресе Германияда дуальдік жүйе жақсы дамыған. Аталған елде оқушылар уақыттарының 4/3 бөлігін өндірісте өткізеді. Сонда еңбек етіп, шеберліктерін шыңдайды. Ал қалған уақытын теориялық білім алуға жұмсайды екен. Демек, мәселе шешілетін күн алыс емес. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Руслан Бегімбетов жиналғандарға дуальды білім жүйесін енгізудің артықшылықтарын баяндап берді. Жаңа жүйе қалыптасса болашақ агрономдар, диқандар мен мал дәрігерлері жұмыссыз қалмайды. Себебі дуальды оқыту жүйесі кәсіпорындар мен оқу орындары және жергілікті биліктің арасындағы келісім- шартқа негізделеді. Сондай - ақ осы саланы таңдаған студенттер теориялық біліммен шектеліп қалмай, өндірістік тәжірибесі де басым болады. |
Количество показов: 2587
Дата создания: 12.03.2013 19:20:40