Ақтөбелік бағбандар алғашқы өнімді жинап бастады
73 жастағы Николай Мысик -тәжірибесі мол бағбан. 50 жылдан аса өзінің "Восток-2" саяжай аумағында жер жыртып, бақшасын күтіп баптап еңбек етеді. Сондықтан болар әр жылы қанша өнім алып, табыс табатынын бағамдап отырады. Биыл көл-көсір өнім алмаған бағбан, келер жылға үміт көп деп отыр. Өйткені табиғат ана барлығын өзі реттеп қояды дейді. Жергілікті базарда бағбандар ұсынған өнімдердің бағасы әртүрлі. Қызанақтың келісі- 1000 теңге. Қияр- 800, Алма- 1500, сәбіз- 500, асқабақ- 500, картоп- 600, баялды- 500, кәді- 500, таңқурай келісі- 4000, құлпынай- 3500 теңге аралығында сатылып жатыр."Восток-2" бау-бақша ұжымында 100-ден аса үй бар. Көпшілігі бұл жерлерде қыстамайды. Ондай уақытта бос үйлерді ұжым төрағасы қарауылдайды. Көктем шыға саяжай өмірі қайта жанданады. Саяжай иелері тазалық жұмыстарын қатты сақтайды. Дегенмен, ақтөбелік бағбандар алғашқы өнімді әлдеқашан жинап тастаған. Қазір базарлар мен дүкендерде өзіміздің саяжайлар өнімдері өте көп. Картоп, сәбіз, қырыққабат, жидектерге сұраныс жоғары. Әсіресе қарақатты көп сұрайды. Биыл шаруалар қауын-қарбызды молынан еккен.
Количество показов: 11
Дата создания: 09.09.2026 09:10:14



















