Ақтөбеге каратэ-до шеберлері жиналды
![]() |
Ақтөбеде тұңғыш рет "каратэ-до"-дан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Оған Ақтау, Атырау, Алматы, Шымкент, Астана, Орал қалаларынан 60-қа жуық бозбала мен бойжеткен келді. Жаттығу он күн бойы облыстық олимпиада ізбасарларын даярлау орталығында жүргізіледі. Биыл тұңғыш рет Ақтөбеде каратэ-до-дан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Кеше басталған ауқымды жаттығуға еліміздің бүкіл қалаларынан спортшылар жиналған. Оқу-жаттығудың Ақтөбеде өтуінің де себебі бар. Былтыр шілде айында Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен 3 алтынның екеуін біздің жерлестеріміз жеңіп алған. Оқу-жаттығу кезінде жаттықтырушылар жылдамдық пен техникалық әдістерге назар аударады. Қазақстан құрамасының "каратэ-до" -дан оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң семинар басталады. Шеберлік класын үйретуге 22 ақпанда Ақтөбеге каратэнің саңлағы испандық Антонио Алиба Сэба арнайы келеді. |
Количество показов: 2387
Дата создания: 13.02.2013 18:57:03