Ақтөбеде жел күшейіп, боран болады
![]() |
"Қазавтожол" мекемесіне түсетін жалған шақыртулар жиілеп кетті. Сол себепті жол күтіміне жауапты мекеменің шығыны көбейген. Болжам бойынша алдағы тәуліктерде облыс аумағында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15 -25 метрге дейін жетуі мүмкін. Жолшылар өз міндеттерін орындауға әзір. Желтоқсанның 31-і күні "Қазавтожол" мекемесіне хабарласқан көлік иесі жолды қар басып қалғандығын айтып көмек сұрапты. Алайда бұл жалған шақырту болып шыққан. "Ақтөбе-Қобда" тас жолына жеткен мамандар көліктің бұзылып, жол бойында кесе көлденең тұрып қалғандығын көрген. Төтенше оқиға деп көлік - құралдарын сайлап келген жұмысшылар тұрып қалған темір тұлпарды қалаға жеткізуге мәжбүр болыпты. Мекеме директоры Әкімжан Өтемұратовтың айтуынша, биыл жол күтімі үшін қазынадан 400 млн теңге қаржы бөлініпті. Алайда қысы - жазы көлік жолдарын қалыпты ұстау үшін 1 млрд теңге қажет. Бюджет қаражатына жарымаған "Қазавтожол" РМК жергілікті филиалы үшін жалған шақыртулардың күш түсіретіні де сондықтан. Кәсіпорын басшысы тәулік бойы қызмет ететін жұмысшыларының еңбекақысы да тым аз дейді. Механизаторлардың айлық табысы небары 50 мың теңге. "Қазавтожол" кәсіпорнына 70-80 техника тиесілі. Әзірше қардың аздығынан оларға аса салмақ түсіп жатқан жоқ. Дегенмен қытымыр қыс алда. Мамандар жанар - жағар майды үнемдеп, ауа - райындағы өзгерістерді басты бақылауға алып отыр. |
Количество показов: 2159
Дата создания: 04.01.2013 13:08:41