Ақтөбеде тағы бір ойын алаңы ашылды
![]() |
Ақтөбеде тағы бір ойын алаңы іске қосылды. Ағайынды Жұбановтар көшесінің бойындағы 290 үйдің ауласында бой көтерген бұл алаңды "Ақжелкен" аула клубы ұйымдастырған. Қаржылай көмекті сол маңайда тұратын тұрғындар мен кәсіпкерлер көрсеткен. Балалардың бұл жаңа ойын алаңында түрлі аңдар мен ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері бейнеленген. Сондай-ақ бүлдіршіндердің бос уақытын көңілді өткізуі үшін бірнеше сырғанақ пен әткеншектер де орнатылыпты. Жеткіншектерге арнап мұндай ойын алаңын ашу жөніндегі алғаш бастаманы "Ақжелкен" аула клубы көтерген. Ал, "ақжелкендіктердің" бастамасы кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан. Көптен күткен ойын алаңына қол жеткізген бүлдіршіндердің де қуанышында шек жоқ. Бірі әткеншек теуіп, сырғанақта сырғанап асыр салса, енді бірі осындай алаң сыйлаған ағаларына алғысын жаудыруда. "Ақжелкен" аула клубында қазір 300-ден астам бала бар. 2009 жылы құрылған клубты қазір қала әкімдігі қаржыландырады. Орталықта 20-дан астам үйірме ашылған. Жас жеткіншектер шығыс жекпе-жегі, шахмат, дойбы, стол теннисі сынды көптеген спорт түрлерін үйренеді. Жақында қала күні қарсаңында мұнда қолөнерден де арнайы көрме ұйымдастырылған. Аула клубына ендігі керегі футбол алаңы болатын. "Ақжелкендіктер" қалталы қалалықтардың көмегімен оған да қол жеткізді. |
Количество показов: 3115
Дата создания: 07.06.2013 19:12:15