Ақтөбе полициясы Жаңа жыл мейрамы қарсаңында күшейтілген қызмет тәртібіне ауысты
![]() |
Ақтөбе полициясы ұжымдық кештерді ұйымдастырып беремін деп, қонақ үй иесін тақырға отырғызып кеткен алаяқ қызды қолға түсірді. 19 жастағы бойжеткен алаяқтықпен қатар, әсемдік салондарында ұрлық жасауды кәсіп еткен. Оның үстінен 11 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алаяқ қыздың әрекеті жөнінде Сазды полиция бөліміне қонақ үй иесі өзі келіп арызданған. Бойжеткен ұжым ішінде әдемі мереке жасаймын деп, мейманханада бір апта жатып алған. Қызмет ақысын төлемеген. Жеңіл пайдаға үйренген қыз алаяқтықпен бірге сұлулық салондарында ұрлық жасауды әдет қылыпты. Салонға клиент ретінде кіріп, тасада тұрған сөмкелер мен әмияндарды жымқырып жүрген. Қазір күдіктінің 11 ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Полицияға мәлім болған тағы бір дерек. Қаладағы супермаркеттердің бірінде қызметкерлері бір-бірінің заттарын ұрлаған. Зауыт полиция бөліміне шағымданған 19 жастағы сатушының банкомат карточкасы ұрланған. Және оның ішіндегі 25 мың теңге де қолды болыпты. Күдікті ретінде супермаркетте тәжірибе жинақтап жүрген 18 жастағы қыз ұсталды. Ол жәбірленушімен әңгімелесу кезінде карточкасына қаражат түскенін естіген. Күдікті бойжеткен сатушының жеке заттарын сақтау орнынан құпия нөмір жазылған қағазды да ұрлаған. 25 мың теңгені қолды қылғаннан кейін жұмысқа шықпай қалған. Бұл дерек бойынша ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қолхатпен босатылды. Алдағы мереке күндері Ақтөбе полициясы түгелдей күшейтілген қызмет түріне көшеді. Қаладағы барлық орталық шыршаларға күзет жасақтары қойылып, қоғамдық орындарда, жолдарда қадағалау күшейеді. |
Количество показов: 2541
Дата создания: 28.12.2012 18:55:38