«Ақтөбе» ФК-сы жаңа ойыншылармен толықты
![]() |
Қазақстанның үздік 33 футболшысының қатарындағы Сергей Гридин -енді "Ақтөбенің" намысын қорғайтын болады. Ал бұрын Грузияның "Мордовасының" сапында ойнаған Алексей Мулдаров болса, Самат Смақовтың орнын басуға тырысады. Жеті ойыншының біреуі- армениялық легионер Роберт Арзуманян. 27 жастағы ойыншы бұған дейін "СКА-Энергия" клубының орталық қорғаушысы болған. Сапқа қосылған тағы бір ойыншы- Андрей ХарабАра. Ресейдің бірінші лигасында ойнап жүріп, негізгі құрамда болған. Таныс болыңыз, Сергей Гридин! Жергілікті футбол клубының биылғы маусымдағы сәтті шешімі деуге болады. 25 жастағы шабуылшы былтырғы чемпион "Шахтерден" ауысып келді бізге. 2011 жылдан бері ел құрамасы сапында өнер көрсетеді."Ақтөбеге" Қызылорданың "Қайсарынан" екі ойыншы ауысты. Олар-Алдан Балтаев пен Асхат Тағыбергендер. Бүгін таныстырылған жаңа ойыншылардың бірі Алдан Балтаев қазір Қызылордада ем қабылдап жатыр. Асхат Тағыберген болса, Премьер Лигада 71 ойын өткізіп, 4 голдың авторы атанған. 11 нөмірлі жейдені иесі Дидар Сыдықбек- "Ақтөбенің" кенжесі. Жасы жиырмаға енді толған Дидар "Астана-1964" клубының сапында ойнаған. Жұма күні "Ақтөбе" өз алаңында Қарағандының "Шахтерін" қабылдайды. |
Количество показов: 2330
Дата создания: 12.03.2013 19:20:03