1 қаңтар күні облыстық перинаталдық орталықта 20 сәби дүние есігін ашты
![]() |
Облыстық перинаталдық орталықта желтоқсанның 31-і нен 1-не қараған түні ұл бала дүниеге келді. Түнгі бір жарымда дәрігерлер келіншекті ота жасау арқылы босандырып алған. Облыстық перинаталдық орталықта қаңтардың бірі күні өмірге келген сәбилердің арасында ер балалардың үлес салмағы басым. Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Асхат Балықовтың айтуынша, аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін-ертең үйлеріне шығарылады. Былтыр осы орталықта жеті жарым мыңдай бала өмірге келген. Жасанды ұрықтандыру әдісімен екі ана үшем босанды. Облыстық перинаталдық орталық 160 орындық. Оның 15-і босандыру кереуеттері. Былтыр орталыққа лизингпен 3 бэбилук аппараты алынған. Құрал айы-күні жетпей туылған нәрестелерді жетілдіруге арналған. Мүмкіндігі кең су жаңа ультра дыбыстық зерттеу құрылғысы да пайда болды. |
Количество показов: 2390
Дата создания: 03.01.2013 12:18:32