Құтқару қызметтері күшейтілген тәртіпке көшті
![]() |
Алдағы аптада қаламызда қатты жел тұрып, боран болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған орай ертеңнен бастап Ақтөбедегі барлық құтқару қызметі күшейтілген тәртіптегі қызмет түріне көшірілетін болады. Ауа райының аяқ асты өзгеруі мен жаңа жылда орын алуы мүмкін тосын оқиғалардың алдын алу мақсатында қаламызда ертеңнен бастап 4 бөлімшеден тұратын құтқару қызметі жұмыс атқаратын болады. Осыған орай бірнеше арнайы техникамен жабдықталған 30-ға жуық құтқарушы қазір әзірлік шараларын жүргізуде. Құтқарушылардың айтуынша жылда жаңа жыл күндері қаламызда төтенше оқиғалар былайғы күндермен салыстырғанда жиі орын алады. Оған себеп тұрғындардың өз тарапынан болатын салғырттығы. Мәселен өткен жылы жаңа жылдың қызығымен балаларын үйге қамап, кейін құтқарушылардың қызметіне жүгінген жерлестеріміз де аз болмаған. Сондай-ақ сыраға сылқия тойып алып, 4 қабаттан құлай жаздаған қызды да құтқарған. |
Количество показов: 2438
Дата создания: 29.12.2012 19:07:01