Өңірде "Кітап оқитын ұлт" республикалық кітап оқу марафоны басталады
Кітап оқу адамның білімі мен көкжиегін арттырады. Бұл үрдіс облыста ауқымды марафонға ұласпақ. "Кітап оқитын ұлт" жобасы 7 бағыт бойынша ұйымдастырылады. Олар - кітап оқитын мектеп, колледж, университет, педагог, әулет, мемлекеттік және қызметші және зияткер. Марафонға қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 шығарма оқуы тиіс. Оның жартысы қазақ тілінде, қалғаны орыс тілінде ұсынылған. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тізімде отандық қаламгерлердің еңбектерімен қатар, әлем әдебиетінің классикасы, заманауи шығармалар мен әлемдік туындылар да болатынын жеткізді. Әр өңірде жобалық кеңсе құрылған. Облыс бойынша С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы орталық болып қабылданған. Ал қатысушылар оқыған кітаптары туралы пікірлерін арнайы цифрлық платформадағы жеке парақшасында жариялап отырады. Марафонның қорытынды кезеңінде білімді бағалайтын тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі. Айта кетейік, тізімде бекітілген кітаптарды электронды форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Марафонға қатысу үшін 15 қыркүйекке дейін бірыңғай цифрлық платформа арқылы тіркелу қажет. Жобаға қатысушылар арасынан әр бағыт бойынша үздіктер анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ жеңімпаздарға республикалық кезеңге жолдама беріледі.Количество показов: 7
Дата создания: 08.09.2026 11:53:54



















