ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов ақтөбеліктермен жүздесті
Бүгін ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов ақтөбеліктермен жүздесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді тыңдады. Екі сағатқа созылған жиында шенеулікке қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Негізгі мақсат - азаматтардың өтініштерін тыңдап, қорғаныс өнеркәсібі саласына қатысты мәселелерді өңір халқымен көзбе-көз талқылау. Биыл Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі 8,6 пайызға өскен. Облыста да осы бағыт бойынша оң динамика байқалады. Тау-кен өндірісі артып, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі көбейген. Кездесуде осы сынды мәселелер айтылып, еліміздегі өнеркәсіптің даму көрсеткіштері мен өңірдегі өндіріс орындарының әлеуеті туралы сөз қозғалды. Қазір өңірде ферроқорытпа, хром қосылыстары, металл конструкциялары мен мұнай жабдықтарын өндіретін ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыста тағы да никель-хромит кендерін өңдеу, цемент және битум өндіру зауыттарын ашуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде жұмыспен қамтылған адамдар саны да артпақ. Осылайша вице-министр өңірлерге ат басын тіреп, халықпен ашық диалог орнатудың маңызын айтты. Бұл - Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асырудың бір жолы. Министр бір күнде шамамен ондаған ақтөбеліктің арыз-шағымын тыңдап үлгерді.Количество показов: 14
Дата создания: 22.10.2026 09:12:18



















