«Бір ел-бір кітап» акциясы жалғасуда
Қабдеш Жұмаділов - тарихтан сыр шерткен жазушы. Осы орайда C. Бәйішев атындағы облыстық кітапханасында халық жазушысының шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында ұйымдастырылған шарада қаламгердің ұлттық әдебиетке қосқан үлесі сөз болды. Кездесуде жазушының «Тағдыр» және «Соңғы көш» романдары талқыланып, жазушының әдеби мұрасы мен қазақ руханиятына қосқан үлесі сөз болды. Шараның мақсаты - қаламгер мұрасын оқушылар мен студентер, мұғалімдер арасында насихаттау. Ұлт рухын ұлықтаған қаламгер - Қазақстанға ұлы көшті бастап келген қайраткерлердің бірі ретінде ұлттық әдебиет пен тарихқа, ұлт болмысына қызмет еткен тұлға. Қазақстан мен Қытай шекарасының екі жағында қалған қазақтардың тағдыры мен екіге бөлінген ұлттың мұңы мен арманы Қабдеш Жұмаділовтың "Соңғы көшінде" көрініс тапқан. Осы туынды арқылы тұтас ұлттың болмысын ашқан. Қазіргі таңда "Кітап оқитын ұлт" акциясы аясында аталмыш жазушыларымыздың шығармашылығы жастарға дәріптелуде. Ақын, аудармашы қазір жастар әңгімені жай ғана оқымай, тереңінен бойлайтынына дән риза. Өз кезегінде көркемсөз шебері кейіпкердің мінез-құлқы мен оқиғаны жазушының жеткізгісі келген оймен ұштастыра білу нағыз кәсіби шеберлік екенін атап өтті.Количество показов: 16
Дата создания: 22.10.2026 09:14:51



















